Контактные данные

Адрес:
г. Костанай,
ул.Урицкого, 58
 
Телефоны:
57-47-67  -  директор
57-46-92 - приёмная директора (факс),
завучи по УВР
57-46-59 - завучи по ВР,
39-19-86 - бухгалтерия
 
e-mail:
sch8@kst-goo.kz
Шаблоны Joomla 2.5 здесь: http://joomla25.ru/shablony/

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2019 жылғы 12-желтоқсанында «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №8 орта мектебі» ММ-нің базасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру шеңберінде тарих және география мұғалімдерінің тәжірибесіндегі жаңартылған білім мазмұнының негізгі аспектілері мен тәсілдері» атты тақырыбы бойынша тарих және география мұғалімдерінің қалалық әдістемелік бірлестігінің отырысы өтті.

Мақсаты:  «Рухани жаңғыру» бағдарламасы арқылы педагогикалық тәжірибеде оқытудың жаңа тәсілдерін іске асыратын мұғалімдерге пәрменді әдістемелік қолдау көрсету.

Қалалық Тарих және география мұғалімдерінің ӘБ-нің 2019 жылғы жұмысын талдауымен және 2020 жылға тарих және география қалалық әдістемелік бірлестігінің жұмысын жоспарлаумен тарих және география секциясының жетекшісі Ерденова Бағытнұр Егізбавна сөз сөйледі.

Тарих және география ӘБ-нің жетекшісі Н. С. Қожанова №8 орта мектебінің тарих және география ӘБ-нің тарих және география сабақтары, «Адал Ұрпақ» мектеп клубы, сыныптан тыс іс-шаралар арқылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша қызметі туралы  айтып берді. Шалабаева А. В. 8-10-сыныптарының білім алушыларымен Науырузым қорығына бару туралы оқу-танымдық фильм түсірді.

Қазіргі мектеп оқушыларының рухани-адамгершілік тәрбиесін жаңғыртудағы ең жақсы орын мұражайларға, мәдениет орталықтарына беріледі. Олардың рөлі айтарлықтай өсті. Біздің мектепте қазақ мәдениеті орталығы 1990 жылы құрылды. 2016 жылы жазда орталық қалпына келтірілді. Мектеп мұражайының жетекшісі А. Қ. Жұмабаева қазақ мәдениет орталығының жұмыс тәжірибесімен бөлісті.

"Рухани жаңғыру» бағдарламасын іс жүзінде іске асыру мақсатында ӘБ отырысына облыстық өлкетану мұражайының қызметкерлері шақырылды, олар тыңдаушыларды «Қостанай облысының киелі орындары» атты тақырыбы бойынша ауызша журналмен таныстырды.

Қостанай қ. №8 орта мектебінің мұғалімдері Шалабаева А. В., Кожанова Н. С., Молдабекова К. Ж. ашық сабақтар мысалында әріптестерімен рухани - адамгершілік тәрбиенің сапасы мен құндылығын ашуға бағытталған жаңартылған білім мазмұнының түрлі әдістері мен тәсілдерін қолдану тәжірибесімен бөлісті.

Мектеп психологы О.Э.коротченко өткізген рефлексия кезеңі іс-шараның жоғары әдістемелік деңгейде өткенін көрсетті, отырысқа қатысушылар оң пікірлерін қалдырды

 

image image image 2