№8 ЖБМ КММ-де 2022 жылғы 05-15-желтоқсаны аралығында «Ұлы даланың Ұлы тұлғалары» атты тарих және география ӘБ онкүндігі өтті. Мектеп оқушылары шығармашылық конкурстарға белсенді қатысты: «Менің Отаным – Қазақстан» атты үздік патриоттық өлеңге арналған оқырмандар конкурсына, «Мен тарихты суреттеймін» атты суреттер конкурсына, «Ұлы даланың ұлы адамдары» атты тақырыбы бойынша тақырыптық қабырға газеттерін орындады, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 31- жылдығына арналған "Ел олармен мақтанады. Қазақстан тарихындағы тұлғаның рөлі" атты ғылыми-практикалық конференциясына қатысты.
Апта бойы балаларға қызықты тапсырмалар ұсынылды: кроссвордтар, ребустар, жұмбақтарды шешу. Мұғалімдер «Тарихтағы тұлға», «Менің туған өлкем» атты тақырыптық стендтерін дайындады, оқушыларға өздерінің зияткерлік және танымдық қабілеттерін көрсетуге, эрудициясын, ой-өрісін кеңейтуге көмектесетін интеллектуалды, интеграцияланған, ашық сабақтар мен іс-шаралар өткізді. Әдістемелік бірлестіктің барлық педагогтары өздерінің кәсіби шеберліктерін, балаларға және өз пәндеріне деген сүйіспеншіліктерін көрсетті.
Пәндік апта шығармашылық, ынтымақтастық атмосферасында өтті деп сеніммен айтуға болады. 2022 жылғы 15-желтоқсанында линейкада тарих және география пәндік апталығының ең белсенді қатысушыларына грамоталар табысталды.
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
Қазақ тілін үйренуге бағытталған сайттар
https://tilqural.kz/
https://abai.institute/
https://tilmedia.kz/
http://balatili.kz/
Сөздік қорды байытуға бағытталған сайттар
https://emle.kz/
https://termincom.kz/
https://sozdikqor.kz/
https://qazcorpora.kz/
Құжаттардың қазақша үлгісі мен қатесіз толтыру нұсқаулығы
https://qujat.kz/
Латын графикасына көшу үдерісін сүйемелдейтін ұлттық портал
https://Qazlatym.kz/
Тіл саласына қатысты өзекті ақпараттар
https://tilalemi.kz/