Шаблоны Joomla 2.5 здесь: http://joomla25.ru/shablony/

МЕКТЕП АСХАНАЛАРЫ МЕН ДӘРЕТХАНАЛАРДЫҢ МОНИТОРИНГІ БОЙЫНША АКЦИЯ: ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 65 НЫСАНДАҒЫ СӘЙКЕССІЗДІКТЕР ТУРАЛЫ ХАБАРЛАДЫ

  • «Балаға лайық» мектеп дәретханалары мен асханаларын қадағалау акциясының алғашқы аптасында қазақстандықтар 65 нысандағы сәйкессіздіктер туралы хабарлады.
  • Еске сала кетейік, акция «Мектепті жақсартуға көмектес!» ұранымен өтіп жатыр. Бірінші кезең 2022 жылғы 27 сәуірде басталып, 25 мамырға дейін жалғасады.
  • WhatsApp және Telegram арналарымызға келіп түскен фото және бейнематериалдардың басым бөлігі Түркістан, Алматы және Қарағанды облыстары тұрғындарынан.
  • Акция бір апта бұрын басталса да, оқушылар мен ата-аналар белсенді түрде деректермен бөлісіп жатыр. Барлығы 400-ден астам хабарлама келіп түсті.
  • Гигиеналық құралдардың, жуынатын бөлмелерде қалқалардың болмауы, жылы дәретханалардың жоқтығы, салқын немесе дәмсіз тағамдар және т.б. туралы хабар түсті. Сонымен қатар үлгілі, талапқа сай келетін нысандар туралы ақпарат жіберіп жатыр.
  • Мектептерді қаржыландыру әкімдіктердің құзырында болғандықтан, түсіп жатқан ақпараттарды жергілікті басшыларға жібереміз. Бүгінгі күні барлық ескертуді жою бойынша аймақтармен қажетті жұмыстар жүргізіліп жатыр.
  • Енді мектептер мен колледждерде WhatsApp 8 700 699 04 46 және Telegram-ботқа сілтемелері бар QR-кодтар орналастырылады.

 

Қазақ тілін үйренуге бағытталған сайттар

https://tilqural.kz/
https://abai.institute/
https://tilmedia.kz/
http://balatili.kz/

Сөздік қорды байытуға бағытталған сайттар
https://emle.kz/
https://termincom.kz/
https://sozdikqor.kz/
https://qazcorpora.kz/

Құжаттардың қазақша үлгісі мен қатесіз толтыру нұсқаулығы
https://qujat.kz/

Латын графикасына көшу үдерісін сүйемелдейтін ұлттық портал
https://Qazlatym.kz/

Тіл саласына қатысты өзекті ақпараттар
https://tilalemi.kz/